Алматыда санитарлық-гигиеналық ережелерді бұзған 131 мектепке айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда санитарлық-гигиеналық ережелерді бұзған 131 мектепке айыппұл салынды

16.08.2018

Сондай-ақ, медициналық тексерістен өтпеген 17 қызметкер жұмыстан қуылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары мәлімдеді. 

Олардың айтуынша, жоспардан тыс тексеріс кезінде мектептердің тамақтану кестесі мен азық-түлік сапасының талапқа сай емес екені анықталған. Сол себепті биылғы оқу жылынан бастап қаладағы барлық мектепке тамақтанудың бірыңғай стандарты енгізілмек. Жаңа ас мәзірі Қазақ тағамтану академиясы мен Ұлттық денсаулық орталығы мамандарының нұсқаулығымен бекітілген.   

Айзат Молдақасымова, Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

- Біз Алматыдағы мектеп оқушыларының арасында сауалнама жүргіздік. Нәтижесінде балалардың басым көпшілігі талапқа сай тамақтанбайтынын білдік. Оқушылардың иммунитетін күшейту үшін азық-түліктің өлшемдері мен өзіндік режимі бар. Мәселен, 7-10 жастағы балалар күнінен 840 калориялы, 11-14 жастағы балалар  951-калориялы, 15-18 жастағы оқушылар 1020 калориялы тамақ тұтынуы шарт. Осы ереже биыл енгізіледі.

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.  

Хабарламаларға жазылу