Германиядағы қазақстандықтар референдумды қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германиядағы қазақстандықтар референдумды қолдайды

05.06.2022

Германиядағы отандастарымыз да таңсәріден бері референдумға белсене атсалысуда. Бас-аяғы 250-ге жуық қазақстандық дауыс беруге ниетті екендіктерін білдірген. Бұл мұндағы студенттер мен жұмыс істейтін азаматтар, сондай-ақ, дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері. Олар екі дауыс беру учаскесінің біріне барып таңдау жасай алады. Біреуі Майндағы Франкфурттегі Бас консулдықта болса, екінші участок Берлиндегі Қазақстанның елшілігінде орналасқан.
Шолпан Шынасылова,  №247 референдум учаскесінің комиссия төрағасы: 
Азаматтардың саяси белсенділігі жоғары және өзгерістерге бейжай қарамайтындығы қуантады. Тіпті, жолдың алыстығына қарамай бүгін Мюнхен қаласынан өз дауысын беруге келген отандасымыз болды. Референдум учаскесінде бар мүмкіндік қарастырылған. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша кешкі сегізге дейін жалғасады.

Хабарламаларға жазылу