Инвесторларға жеңілдік жасалады
Бұдан былай ірі нысанды іске қосқан шетелдік инвесторлардың қаржылай шығынының 30 пайызы мемлекет тарапынан өтеледі. Ал, корпоративті табыс салығынан олар 10 жылға дейін босатылады.
Осылайша, елімізге шетелдік инвестицияларды көптеп тартуға жол ашылмақ. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне келген Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев осылай деді.
Сондай-ақ, энергия көздері мен тауар тасымалына кететін шығындардың бір бөлігін мемлекет өтеп отырады. Жобаны іске асыру кезінде және пайдалануға бергеннен кейін де бір жыл бойы шетелдік мамандарды үкіметтік квотамен шақырта беруге болады.
Ерболат Досаев, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі:
Бұдан бөлек, инвесторлардың Қазақстанда 90 тәулікке дейін визасыз жүруіне рұқсат беру ұсынылып отыр. Бірақ, біздің ойымызша, ондай жеңілдік Қазақстан экономикасына қыруар қаржы салып жатқан ірі инвесторларға ғана берілуі керек.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08