Қазақстандық үлес артып келеді
Ақтөбелік кәсіпкерлер қазақстандық үлесті арттыруға ынталы. Мұнай-газ саласындағы кәсіпорындар бірлесе жұмыс істемекші. Шетелдік және қазақстандық бірлескен кәсіпорындарда отандық өнім түрлері артып келеді.
Өңірде тауар өндірушілер көрмесі ұйымдастырылып, келісімшарт жасалды. Мұнай-газ саласына ірі инвесторлар тартылып, жаңа нысандар ашылмақ. Бұл облыс қана емес ел экономикасына келетін пайда.
Өткен жылы өңірде 442 миллиард теңге тауар айналымы болды. Тең жартысы -қазақстандық үлес. Ақтөбедегі ірі кәсіпорын 3-ші мұнай-газ зауытының құрылысын отандық өніммен тұрғызды.
Өткен жылы жергілікті мекемелерден 302 миллиард теңгенің өнімін алған.
Ван Цзюньжэнь, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры:
Соңғы 3 жылда қазақстандық үлесті арттырып келеміз. Өткен жылы компанияның қызметіндегі қазақстандық үлес 90 пайызды құрады. Мұнай-газ министрлігі қойған талап орындалуда. Мұнай-газ саласына қажет материалдар өңірде де шығады. Қазақстандық кәсіпорындармен серіктес болудың пайдасы да зор.
Әлия ТАЛАСОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04