Сенат депутаттары СҚО тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаттары СҚО тұрғындарымен кездесті

01.08.2018

Парламент Сенатының депутаттары теріскейдегі тұрғындармен кездесті. Халық қалаулылары Рублевка ауылындағы «Иван Зенченко» серіктестігінде болып, мал шаруашылығы кешенінің құрылысын көрді. 600 ірі қараға арналған кешен қыркүйек айында дайын болады, 90 адамды жұмыспен қамту көзделген. Шаруашылық 12 тоннаға дейін сүт жинап, отандық нарықты таза өніммен қамтымақ. Депутаттар «Дайындық агро» шаруашылығының жұмысшыларымен де кездесті. Парламент қабырғасында атқарған жұмыстарын баяндаған халық қалаулылары өткен сессияда 84 заң жобасын қабылдаған.  Сондай-ақ, қазір Президент тапсырмасы бойынша еліміздің солтүстік өңірлеріне табиғи газ тарту жобасы сәтті іске асып жатқанын жеткізді.

Ерік Сұлтанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Солтүстік өңірлерді газбен қамту жұмысы басталып кетті. Жоба құжаттары аяқталды, келесі жылы Астанаға дейін жетеді деп жоспарланып отыр. Ал, алдымыздағы 3-4 жылда СҚО-на табиғи газ келу керек. Бұл бір үлкен тамаша шешім.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу