Қызылорда облысында жаңа оқу жылынан бастап кадеттік сыныптар ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында жаңа оқу жылынан бастап кадеттік сыныптар ашылады

31.07.2018

Жаңа оқу жылынан бастап Қызылорда облысындағы мектептер мен колледждерде әскерилендірілген кадеттік сыныптар ашылады. Әр білім беру мекемесінің өз  әскери жасағы болады.

Облыс әкімдігі мен Қазақстан Қарулы Күштері арасында меморандумға қол қойылды. Еліміздің барлық аймақтарында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалыс құрылады.  Яғни, жастар ерте бастан әскери өмірге бейімделеді. Мұның бастамасы ретінде Сыр елінде алғашқы қадам жасалды. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу