Волонтер студенттердің шәкіртақысы 30 пайызға артады

04.11.2019
Волонтер студенттердің шәкіртақысы 30 пайызға артады

Жаңа оқу жылынан волонтерлік қызметпен айналысатын студенттердің шәкіртақысы 30 пайызға артпақ. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. Министрдің айтуынша, ерікті қоғамдық пайдалы қызметке тартылған студенттердің үлесін арттыру бойынша «Әлеуметтік студенттік несие» жобасы іске қосылды.

«Жаңа оқу жылынан бастап балалар үйлерінде, арнайы мектептерде, қарттар үйлерінде және басқа да мекемелерде волонтерлік қызметпен айналысатын жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 30 пайызға арттырылады деп жоспарлануда », - деді Д.Абаев бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу