Жамбыл облысында  500 гектар алқапты от шарпыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында  500 гектар алқапты от шарпыды

31.07.2018

Жамбыл облысында төтенше жағдай қызметкерлері 2 тәуліктен бері қызыл жалынмен күресуде. Қырғызстанның таулы аймағынан басталған өрт  өңірдегі «Ұзын бұлақ» шатқалына жетті. Бүгінгі күнге дейін 500 гектар аумақ өртеніп кетті.

Осы аумақтағы долана, итмұрын секілді пайдалы бұталардың барлығы  күлге айналды. Таулы жер болғандықтан техника от шарпыған  аумаққа бара алмайды. Өрттің өршуіне жел де себеп болған. Қызыл жалынның бетін қайтаруға 244 адам мен 32 бірлік техника жұмылдырылды. Ұшақ арқылы әуеден бақылау жүргізіліп жатыр.

Ерболат Таматаев, аумақтық инспекция бөлімінің инспекторы:

- Таулы аймақ болғаннан кейін ол жерге техника бара алмайды. Адамдар жаяу жүреді. Өте қиын болғандықтан, бұл 2 күнге созылып кетті. Қазіргі таңда екі жерде кішігірім өрт болып жатыр, енді соны өшіруге барлық жағдай жасалуда.

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ               

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

                      

Хабарламаларға жазылу