Астанада жаңа көлік жүйесі іске қосылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жаңа көлік жүйесі іске қосылмақ

23.08.2014
Астанада жаңа көлік жүйесі іске қосылмақ

Астанада жаңа көлік жүйесі іске қосылмақ. Оның басты артықшылықтарының бірі - енді қала тұрғындары тек жүріп өткен аялдамаларының санына байланысты жолақысын төлеуге мүмкіндік алады.

Қазір жобаның құрылымы мен дайындық жұмыстары қолға алынып, оны келер жылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Әзірше, жолақысы арнайы автоматтар арқылы жүзеге асатыны белгілі. Ол үшін қала тұрғындары қоғамдық көлікке валидатордың көмегімен тіркелмек.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу