Шардарада балық өсіру ісі қайта қолға алынатын болды

25.08.2015
 Шардарада балық өсіру ісі қайта қолға алынатын болды

Биылғы жылдың соңына дейін бірінші кезеңдік жұмыстар аяқталып, шабақ өсіретін тоған іске қосылмақ.  

Бұл туралы журналистермен болған брифингте Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданының әкімі Қ.Айтөреев айтты, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімнің сөзінше,  Шардара су қоймасы жағалауынан балық тәлімбағын қайта құру  мақсатында арнайы іс-шара жоспары қабылданып, оның аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын қалпына келтіру, трансформаторларды жөндеу, сорғы стансасын қайта салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жылдың соңына дейін бірінші кезеңге жоспарланған жұмыстар аяқталып, шабақ өсіретін тоған іске қосылады.  

Сонымен қатар аудан басшысы биылғы жылы ауданда 7 жаңа әлеуметтік нысанның құрылысы басталып, Қызылқұм, Сүткент, Ақ алтын, Егізқұм және Достық елді мекендерінде газ жеткізетін құбыр желісі салынып жатқандығын атап өтті.  

 

Хабарламаларға жазылу