Кедендік одақ шекарадан өтудегі кедергілерді азайтты
Кедендік одақ құрылғалы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы ғана өсіп қоймай, бауырлас халықтар арасындағы барыс-келіс те артты. Өйткені, адамдар шекарада ұзын сонар кезек күтпей, құжаттарды тез рәсімдеп, 10-15 минуттың ішінде көрші мемлекетке аяқ басады. Бұрынғыдай төлқұжаттың да қажеті жоқ, жеке куәлік арқылы миграциялық картаны рәсімдеп өте береді.
Олег Калекин - Омбы қаласының тұрғыны. Шағын бизнеспен айналысқандықтан Қазақстанға жиі келеді. Кедендік одақ құрылғанша да тауар тасымалдайтын. Бірақ, ол кезде шекарада ұзақ тұратындықтан сирек қатынайтын.
Олег Калекин, ресейлік кәсіпкер:
Менің ойымша, бұл экономикалық одақ екі жаққа да тиімді. Бізге кәсіпкерлерге нарық кеңістігі ұлғайды. Сондықтан, шекарадан өткізу жүйесінің де оңтайладырылуы біз үшін үлкен көмек болып тұр. Өйткені, бұрынғыдай тінту жоқ, қажетті құжаттарды көрсетсең жеткілікті.
Ал, Иван Фиксель Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны. Омбыда туыстары көп. Сондықтан, екі арада жиі қатынайды.
Иван Фиксель, Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны:
Омбы қаласында қайын жұртым, қарындасым мен інім тұрады. Сондықтан, мен ол жаққа қонаққа жиі барамын. Олар да бізге қатынап тұрады. Ал шекарадан өту қазір жеңіл, тез арада құжаттарды рәсімдеп өте шығамыз.
Қарақоға шекара бақылау бекетінен тәулігіне 600-700 техника мен 2000-нан астам адам өтеді. Ал, жаздың күні екі арада ағылған туристердің қарасы көбейеді. Ол кездері шекарашылардың да жұмысы артады.
Жандар Тенелов, шекара бекетінің ауысым бастығы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекара қызметінің тұлғаларды өткізу технологиясы дамыған. Адамдарды және техникалық құрылғыларды өткізу жылдам және оңай түрде жүргізіледі. Жалпы айтқанда, ешқандай қиыншылықтар басқа да оғаш жағдайлар болмайды.
Мұндай бекеттер экономикалық байланысты жақсартуға бағытталған. Екіншіден, әлеуметтік тұрғыда да әріптестік дамиды. Сондықтан, бұл игі істің өміршеңдігіне халық сеніммен қарайды.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08