Шымкентте Отырар ғылыми әмбебап кітапханасы жанынан коворкинг орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте Отырар ғылыми әмбебап кітапханасы жанынан коворкинг орталығы ашылды

20.07.2018

Мұнда балалар алаңсыз кітап оқып, тегін тіл курстарына қатыса алады. Сонымен қатар, ұлттық ойындарды үйренуге де мүмкіндік бар. Әсіресе, тоғызқұмалаққа қызығушылық жоғары. 390 мың кітап қоры бар кітапхана енді шығармалардың электронды нұсқаларын көбейтпек. «Нұр Отан» партиясы бастамасымен қолға алынған бұл жобаның жұмысымен партия төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев танысты. Коворкинг орталығынан бөлек, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде салынған «Әйгерім» түзету балабақшасы да назардан тыс қалмады. 50 балаға лайықталған нысанда түрлі диагнозбен ауыратын балалар ем қабылдайды. Партия төрағасының орынбасары елімізде іске асып жатқан басқа да мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығын ерекше атап өтті

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Партия Үкіметпен бірлесіп, үшінші жаңғыру аясындағы «Цифрлық Қазақстан», «Рухани жаңғыру», шағын және орта бизнесті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, жүзеге асыру жұмыстарына жүйелі түрде қатысу керек.

 

Н.КЕНЖЕХАН                                           

Хабарламаларға жазылу