Коворкинг орталықтарының қызметіне сұраныс артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коворкинг орталықтарының қызметіне сұраныс артты

22.01.2019

Атырау облысында коворкинг орталықтарына сұраныс артуда. Жобаның тиімділігіне көз жеткізгендер бос уақытын осы мекемеде өткізгенді жөн көреді. Бүгінде аймақта 11 коворкинг орталығы жұмыс істеп тұр. Мәселен, Ғабдол Сланов атындағы ғылыми әмбебап кітапхана жанынан ашылған орталыққа ай сайын 100-ге жуық адам келеді. Мұнда келушілердің көбі - оқушылар. Олар заманауи орталықта сүйікті ісімен айналысып, 3 тілде кітап оқиды. Сондай-ақ, аудионұсқадағы оқулықтарды тыңдап, қазақтың салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын бойларына сіңіреді.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу