Қиғаш өзенінде лотос гүлдеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қиғаш өзенінде лотос гүлдеп тұр

19.07.2018

Атырауда табиғаттың ғажайып құбылысы келушілерді әсемдігімен таңқалдыруда. Нақтырақ айтсақ, Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінде дәл осы күндері лотос гүлдеп тұр. 

Тазалық пен әдеміліктің символына айналған  бұл өсімдік түрі еліміз бойынша Қиғаш өзенінде ғана өседі. Мамандардың айтуынша, қанық түсті, хош иісті гүлдердің алқабы болашақта туристер көптеп келетін орынға айналмақ.

Қазірдің өзінде жергілікті саяхат ұйымдастырушы  туроператорлар қызығушылық танытып жатқан адамдарды осы аймаққа апарып, көрікті жермен жақынырақ таныстыруда. Қызыл кітапқа енген лотос тамыз айының ортасына дейін гүлдеп тұрады. 

Диана Ингильдиева, Атырау қаласының тұрғыны:

Ауасы тап-таза. Әсем табиғат. Демалыс күндері үйде немесе өзге елдерге бармай-ақ, осындай табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге келуге шақырамын. Маған қатты ұнады.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.           

Хабарламаларға жазылу