Атырауда лотос гүлдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда лотос гүлдеді

27.08.2019

Тазалық пен сұлулықтың символына айналған ғажайып өсімдік , еліміз бойынша тек Құрманғазы ауданындағы су алаптарында ғана өседі. Табиғаттың ерекше құбылысы келушілерді таңқалдыруда. Мамандардың айтуынша, лотос алқабы болашақта туристік орынға айналмақ. Толығырақ меншікті тілшіміз Жандос Темірғали әңгімелейді

Лотосқа апарар жол азапқа толы. Ойық-шұңқырлы Атырау-Астрахань автомагистралін еңсергеннен кейін, су айдыны арқылы теңіз тамағына шығу керек. Жүздеген шақырымды артқа тастап, тұңғиық гүлді көрмекке келген тұрғынның бірі, Қайрат Тұрдағалиев.Алған әсері ерекше. Бөлек әлемге тап болғандаймын -дейді ол.

Қайрат Тұрдағалиев, турист:

Көптен осы көргіміз келіп жүрген нәрсе еді. Жолым түсіп, арнайы келіп көріп жатырмын. Тамаша, әсер керемет. Айтып жеткізу мүмкін емес.

Қиғаш-Шора өзендерінде ғажайып өсімдік, 5 мың гектар аумақта жайқалып өсіп тұр.Жалпы, лотос ТМД елдері бойынша Ресейдің Краснодар өлкесі мен Сахалинде ғана кездеседі. Гүлдің бір ерекшелігі, лай-батпақты жерде өскеніне қарамастан, кіршіксіз болып қалуында.

Хош иісті лотос Қазақстан бойынша тек Қиғаш өзенінде ғана өседі. Ғажайып өсімдік түрінің мұнда қалай пайда болғаны белгісіз. Таңқаларлық жағдай әрине. Алайда, болжам бойынша бұл гүлдің тұқымын құстар әкелуі мүмкін./

Әлемде сирек кездесетін гүлдің елімізде ғана болуы, отандық туризмді өркендетуге теңдессіз мүмкіндік жасап тұр. Бүгінде, лотос алқабын туристік орынға айналдырам деуші ниеттілердің қатары артқан.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: Алдағы уақытта бұл жердің табиғатын, сұлулығын, әсемдігін халықаралық деңгейде шығарып насихаттап, мұны үлкен туризм ортағына айналдыру, бүгінгі күннің міндеті. Жалпы жергілікті жердегі кәсіпкерлердің осы бизнесті дамытуға деген ықыласы зор.

Лотостың қасиеті көп. Тұқымындағы ақуыз, бүйрек пен көкбауырдың сондай-ақ, жүрек аурулары мен ұйқысыздықтың емі. Қызыл кітапқа енген лотос өсімдігі шілде айының ортасынан бастап, тамыз айының соңғы аптасына дейін гүлдейді. Таяу шығыс халқының қасиеттісіне баланған гүл, жуық арада Қазақстанның да брендіне айналмақ.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу