Солтүстік Қазақстан облысында өзен тасып, мыңдаған балық жағаға шығып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында өзен тасып, мыңдаған балық жағаға шығып қалды

21.04.2020

Атырау облысындағы Қиғаш өзенінде өзгеше құбылыс. Су айдынының сағалары балыққа толып, жергілікті жұртты таң қалдырды. Ал Солтүстік Қазақстан облысында, кіші Қоскөл өзені тасып, мыңдаған балық жағаға шығып қалды. Көп бөлігі құтқарылды. Шағаланың жемтігіне айналғаны да аз емес.

Қар қалың түскен теріскейдегі Есіл өзенінің деңгейі көтеріліп, Петропавл қаласы маңында жайылды. Суда қалған 2 мыңнан астам саяжайдың шығындары есептелуде. Новосібір-Челябі тас жолының бір учаскесі де жабылды. Қазір қауіпті деген тұстарда арнайы бекеттер құрылып, полиция мен төтенше жағдайлар департаменті мамандары қызмет атқаруда. Айта кетерлігі, Атырау атырабындағы Жайық өзеніне де биыл су жылдағыдан көп келеді күтілуде.  

Жандос ТЕМІРҒАЛИ 

Хабарламаларға жазылу