Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті «Дабылды батырма» атты жаңа мобильді қосымшаны іске қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті «Дабылды батырма» атты жаңа мобильді қосымшаны іске қосты

16.07.2018

Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті «Дабылды батырма» атты мобильдік қосымша жасап, оны қолданысқа енгізуде. Оны смартфон иелері еш кедергісіз жүктеп алып, тіркелген соң пайдалана береді. Ақпарат бірден орталықтандырылған желіге жетеді. Оператор көмек сұраушының нақты қай жерде екенін, оның қозғалысын толық бақылай алады. Бұл - Қазақстандағы осындай алғашқы жоба. Әзірге Көкшетау қаласындағы бірнеше күзет компаниясы мен заңды тұлғалар ғана қолдануда. 

Гүлайым Камал, мейрамхана кешенінің қызметкері:

- Осы мобильдік қосымша туралы естіген соң, оны қолдану туралы шешім қабылдады. Себебі, ол қолайлы. Әр түрлі жағдай болуы мүмкін. Сонда арнайы қызметті жылдам шақырта аламыз.

Ерлан Мұстафин, облыстық ІІД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы:

- Оқу жылы басталғанда оқушылар мен студенттер арасында кеңінен таратуды көздеп отырмыз. Олар кез келген уақытта дабыл белгісін жібере алады және олардың орналасқан жері бірден компьютерде көрінеді. Бұл қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға септігін тигізеді деген ойламын.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу