Ішкі істер министрлігі «102» мобильді қосымшасын іске қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігі «102» мобильді қосымшасын іске қосты

03.02.2021

Енді полицияға бейнеқоңырау арқылы хабарласуға болады. Ішкі істер министрлігі «102» мобильді қосымшасын ресми түрде іске қосты. Онлайн-сервис полицияны халыққа жақын әрі қолжетімді етуге арналған. Жоба осы уақытқа дейін пилоттық режимде жұмыс істеп, оны 5 мың азамат өз телефонына көшіріп алған. Бүгінге дейін жедел басқару орталығына 2200 бейне қоңырау шалынып, 120 хабарлама келіп түскен. Жаңа жүйемен жұмыс істеу үшін 400-ден астам маман арнайы оқытылған.

Сәкен Сәрсенов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
-Мысалы 102-ге қоңырау шалған кезде біздің қызметкерлер бәрін сұрайтын. Сіздің аты-жөніңіз кім, қай жерденсіз, адресіңіз қандай? Оған уақыт кететін. Қазір осы жүйе арқылы бұрыннан бұл жүйеге тіркеліп қойғансыз, сіздің атыңыз шығады. Телефон номер және де қай жерден сіз звондап жатқаныңызды біздің қызметкерлер автоматты түрде көреді.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу