Елімізде мемлекеттік қызметтің толықтай электронды форматы енгізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде мемлекеттік қызметтің толықтай электронды форматы енгізілмек

13.07.2018

Сол кезде мемлекеттік қызмет көрсету де қолжетімді әрі сапалы болмақ. Бастысы, жемқорлық азаяды. Шығыс Қазақстанға барған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев осылай дейді.

Ведомство жетекшісінің айтуынша,  бүгінде тұрмыстық жемқорлық деңгейі төмендемей тұр. Құқық қорғау, медицина және білім салаларындағы бармақ басты, көз қысты әрекеттерді жою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бұрынғыдан да арта түседі. Ал, электронды үкіметті дамыту бойынша еліміз Азияда 4-ші, ал, БҰҰ бойынша 33-ші орында. Алдағы мақсат - үздік отыздың қатарына ену.

Айдана ДАЙЫРОВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу