Дәурен Абаев мемлекеттік қызмет көрсету саласының сапасын жақсарту мақсатындағы ұсыныстарымен бөлісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәурен Абаев мемлекеттік қызмет көрсету саласының сапасын жақсарту мақсатындағы ұсыныстарымен бөлісті

26.11.2017

Цифрлық жүйеге көшу – бүгінгі күннің талабы. Жақын арада елімізде «Анықтамасыз қызмет» жүйесі іске қосылмақ. Соның негізінде компьютердің тілін білгендер кез келген анықтаманы үйде отырып-ақ ала алатын болады. Осы аптаның басында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мәжілісте өткен Үкімет сағаты барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласының сапасын жақсарту мақсатындағы ұсыныстарымен бөлісті.

Байыппен пайымдап, сақадай салмақтап, енгізілейін деп жатқан жаңалықтармен таныстырды. Қазіргі кезде 746 мемлекеттік қызметтің 621-і немесе 83 пайыздан астамы мемлекеттік корпорация арқылы беріледі. Осы жылдың 10 айында 34 млн. 200 мың мемлекеттік қызмет көрсетілсе, соның 66% электронды түрде жүргізілген екен.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу