Ақтөбе қаласының орталығында екі көлік өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе қаласының орталығында екі көлік өртенді

12.07.2018

Ақтөбе қаласының орталығында екі көлік өртенді. Алдымен  түскі сағат 12:00-де Әбілқайыр хан даңғылында «УАЗ» машинасы отқа оранған. Оқиға орнына дереу 6 өрт сөндіруші және 1 арнайы техника, сондай-ақ, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері келіп жетті. Бір сағаттан соң өрт сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Арасы 1,5 сағаттың ішінде осы Әбілқайыр хан даңғылындағы үй ауласында тағы бір машина өртенген. Өрт оқиғаларының себептері тексеріліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері ақтөбеліктерді сақ болуға шақырып, автокөліктің электр қондырғыларын тексеруге кеңес береді.

Жалпы, биыл өңірде тіркелген өрт саны 15 пайызға артқан. 

Хабарламаларға жазылу