Кедендік одақтың шекарасында ветеринарлық бақылау жеңілдетілген
Жүргізіліп жатқан интеграциялық үрдiстер шағын және орта бизнестi, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы бизнесті дамытуға мол мүмкiндiк берiп отыр.
Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық кәсiпкерлер палатасының Агронеркәсiптiк кешен комитетiнiң өкілдері хабарлады.
Палата өкілдерінің айтуынша, әсіресе, атакәсіпті дамытуға үлкен мүмкіндік бар. Мысалы, 90 жылдардың басында елдегі қой саны 35-37 миллион болса, бүгінде бұл сан тек 18 миллионға жуықтайды.
Қазір бір ғана Иран жылына 40 мың тонна қозы етін сатып алуға сұраныс білдіріп отыр. Бірақ Қазақстан оны қанағаттандыра алмайды.
Дегенмен, кәсіпкерлерге жан-жақты жағдай жасалуда. Атап айтсақ, Кедендік одақтың шекарасында ветеринарлық бақылау жеңілдетіліп, рұқсат рәсімдеуде қағазбастылық азайтылған.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04