Ақтөбе облысының Дөң ауылында жаңа мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының Дөң ауылында жаңа мектеп ашылды

06.07.2018

Ақтөбе облысының  Хромтау ауданының Дөң ауылында жаңа мектеп ашылды. Сондай-ақ, аудан орталығында 120 пәтерлі тұрғын үй ел игілігіне  беріліп, жөндеу жұмыстарынан кейін жаңғыртылған аллея  қайта ашылды. 

Дөң ауылы жаңа мектептің ашылуын жылдар бойы асыға күтті. Бұрынғы мектепте балалар үш ауысымда оқыды. Ал, су жаңа білім ұясы заман талабына сай, кең әрі жарық. 600 орынға шақталған. Кабинеттер мультимедиялық құралдармен жабдықталған.

Аудан орталығында Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері үшін 120 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтерлер 20 жылға дейін төмен пайыздық үстеме бойынша сатып алу құқығымен жалға беріледі. Тұрғындар мұндай игілікке «Нұрлы жер» бағдарламасы және Қазақстан ипотекалық компаниясы арасындағы келісім аясында қол жеткізді.

Рустам Әлжанов, пәтер иесі:

- Менің Дөң тау-кен комбинатында жұмыс жасағаныма екі жылға жуықтады. Өзім Ақтөбеден келдім. Алғашында «Спорт» қонақ үйінен орын беріп, сонда тұрдым. Ал, қазір міне, баспаналы болып жатырмын. Қуанышымда шек жоқ. Алғысымды білдіремін.

Бұл күні Хромтауда қайта жаңғыртылған кеншілер аллеясы ашылды. Ондағы екі субұрқақ та жөндеуден өтті. Қазір саябаққа ерекше көрік беріп тұр. 

Жұлдыз АЛМАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу