Қордай ауданы маңында болған жол апатына қатысты жаңа деректер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қордай ауданы маңында болған жол апатына қатысты жаңа деректер анықталды

05.07.2018

Жамбыл облысының Қордай ауданы маңында болған жол апатына қатысты жаңа деректер анықталды. Құзырлы орган қызметкерлерінің айтуынша, автобус иесі 1993 жылы туған жүргізушінің үстінен арыз түсірген. Ол сол күні жүргізушіге автобусты пайдалануға рұқсат бермеген болып шықты. 42 жолаушысы бар автобус Алға ауылының маңында апатқа ұшыраған. Бір адам қаза тауып, 6-ы түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Қалғандары жедел медициналық көмек алып, үйлеріне қайтыпты. Қазір іс тергелуде. Жүргізуші қамауға алынған.

Қонай Қойшыманов, Жамбыл облысы ІІД Анықтау басқармасының бастығы:

- Автобустың иесі жүргізушінің үстінен арыз түсіргендіктен, тағы бір бап қосылды. Іс тергеліп жатыр.

Г.ҚАЙРАТҚЫЗЫ     

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу