Тараз тұрғыны көшедегі көлікті ұрлап мініп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз тұрғыны көшедегі көлікті ұрлап мініп кеткен

19.07.2022

Тараз тұрғыны такси тоқтамаған соң, көшедегі көлікті ұрлап мініп кеткен. 

49 жастағы күдікті таңғы сағат 4 шамасында үйіне қайту үшін таксиге отырмақ болған. Алайда ешкім тоқтамаған соң, мейрамхана алдында тұрған «Volkswagen Passat» маркалы көлігін айдап кеткен. Қосымша ақша табуды ойлап, жолай жолаушыларды тасымалдамақ болады. Алайда, «полиция қызметкерлерін көріп қалып, жасырынамын» деп, жол апатына ұшырады. Күдіктінің ішімдік ішкені анықталды. Сондай-ақ, 2019 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін, көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны да белгілі болды. Қазір аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. 

Хабарламаларға жазылу