Елордада «Айналамыздағы Астана» атты фото көрме басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Айналамыздағы Астана» атты фото көрме басталды

04.07.2018

Астана - фотографтардың көзімен. Бас қаланың объективке түскен ерекше жерлерін көргіңіз келсе, «Нұрлы жол» бульварына келіңіз. «Айналамыздағы Астана» атты фото көрмеге Қазақстаннан бөлек, Германия, Словакия, Малайзия, Индонезия, Франция, Түркия, Беларусь, Өзбекстан елдерінің танымал фотографтарының суреттері қойылған. 14 маманның 60 суреті 60 түрлі десек те болады. Бірінен-бірі өтеді. Кейбір суреттер кездейсоқ түсірілген. Енді бір мамандар түсірілген суретке ереңше реңк беріп, өңдеген. Яғни, әр суретшінің өзіне тән әдісі мен талғамын көресіз. Кей суреттердің кереметтігі сонша, сол жерді барып өз көзіңізбен көргіңіз келіп кетеді. Осындай ерекше әсерге бөленгіңіз келсе көрмені келіп тамашалаңыз. 

Тұрар Қазанғапов, фотограф:

- Кез келген саябақта, қаланың бір жерінде жүргенде, кешкі уақытта әсіресе Күннің шағылысып түскен уақытта адамдардың көшеде жүргенін, балалардың ойнап жүргенін, кездейсоқ сәттерді түсіріп аламын.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу