Астанада Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді (ВИДЕО)

05.10.2016
Астанада Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді (ВИДЕО)

8-9 қазанда Астана қаласында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді. Шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған.

Көрмелерді, спектакльдерді, концерттерді, ауыл шаруашылығы өнімі жәрмеңкелерін қамтитын бағдарлама елорда тұрғындарына еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы ШҚО-ның экономикалық және мәдени саладағы жетістіктерін көрсетеді.

8 қазанда Шығыс Қазақстан облысының күндерін ҚР Ұлттық мұражайында өтетін «Уақыт портретінің штрихтері» атты ШҚО суретшілерінің көрмелері және «Тәуелсіздіктің ашық кітап жетістіктері: Шығыс Қазақстан», «Үлкен жол кезеңдері» фото экспозициялары ашады. 

Театр шығармашылығының әуесқойлары Абай атындағы Шығыс Қазақстан театрының «Дядюшкин сон» және облыстық драмма театрының «Жұлдызды сәт» атты қойылымдарын көре алады. Осы күні ШҚО-ның хоккей бойынша жетекші жаттықтырушылары «Қазақстан» спорт сарайында балаларға арналған шеберлік сағаттарын өткізеді.

«Көрме» көрме орталығында екі күн бойы «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты Шығыс Қазақстан облысының жетістіктері мен өнімінің ауқымды экспозициясы өтеді.

Онда өңірдің тарихи және мәдени ерекшеліктері, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары шығаратын өнімдер, облыстың туристік кластерінің дамуы, инновациялық жобалары туралы толығырақ білуге болады.

Ал, «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы алдында таңғы сағат 10:00-ден бастап екі күн бойы ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтарына «Шұғылалы Шығыс» атты концерттік бағдарлама ұсынылады.

strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу