Астаналықтар Тәуелсіздік күнін қалай атап өтті? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналықтар Тәуелсіздік күнін қалай атап өтті?

16.12.2016
Егемендік пен елдігіміздің мерекесі елордада барынша сән-салтанатымен аталып өтті. Өйткені, бұл жай ғана айтулы дата емес. Бұл - өткенге көз жүгіртіп, барымызды бағалап, өткенімізді саралап, болашағымызға баға беретін маңызды мереке.

Бүгін елордалықтар опера әншілерінің әуеніне құлақ құрышын қандырды. «Астана Опера» ұжымы «Тәуелсіздікке тарту» атты мерекелік шара өткізді. Сахна әртістері егемендікпен бірге туып, қиын-қыстау кезеңде халықтың рухын көтеріп, жігерін жандандырған ұлт әндерін шырқады.

Ал, Тұңғыш Президент қорының қызметкерлері өткен тарихқа үңілді. Ұжым Мемлекет басшысының жеке архивінен алынған фотосуреттер арқылы Қазақстанның қалыптасу кезеңдерін көрсетті. 25 бөлімнен тұратын көрме ай соңына дейін жалғасады.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу