Астанада АХҚО құқықтық мәселесіне арналған жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада АХҚО құқықтық мәселесіне арналған жиын өтті

04.07.2018

«Астана» қаржы орталығында әлемдік қаржы орталықтарының үздік тәжірибесі топтасады.  «Астана» халықаралық қаржы орталығының құқықтық мәселелеріне арналған конференцияда Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова осылай деді. Мемлекеттік хатшы орталықтың ерекше құқықтық режимде жұмыс істейтінін айтып, оның әлемдік стандарттарға толық сай екеніне тоқталды. Шараға белді заң мамандары қатысты. Олар қолданыстағы заңнама арқылы «Астана» қаржы орталығындағы дауларды іс жүзінде қалай шешуге болатынын жан-жақты талқылады. Айта кету керек, ертең қаржы орталығының халықаралық таныстырылымы өтеді. 

Игорь Рогов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары:

- Барлық құқықтық тетіктер ойластырылған бірақ, олардың іс жүзінде қолданылуын талқылауымыз керек. Мысалы, сот шешімдерінің орындалуы. Қаржы орталығының сот шығарған шешімді қазақстандық сот орындаушылары орындайды. Бұл ретте олар қалай жұмыс істейді? Осындай мәселелер бүгін талқыланды.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу