Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығында болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығында болды

13.09.2019
Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығында болды

Нұрсұлтан Назарбаевқа EXPO-2017 көрмесінің мұралары және АХҚО құқықтық жүйесін дамыту бойынша қабылданған шаралар жөнінде ақпарат ұсынылды, деп хабарлайды elbasy.kz. 

Сонымен қатар, Елбасына АХҚО Соты, Ағылшын құқығы академиясы, Халықаралық төрелік орталығы және АХҚО Ахуалдық орталығының қызметі туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қаржы орталығы биржасының негізгі акционерлері және қатысушыларымен кездесті. Спикерлердің баяндамасын тыңдаған соң Нұрсұлтан Назарбаев ел басшылығының АХҚО қызметін толық қолдайтындығын атап өтті. 

«Жекешелендіру жоспарын АХҚО Биржасы арқылы іске асыруды жалғастыру қажет. Әрине, әлемдік нарық ахуалын ескерген жөн. Сонымен қатар, әлемнің халықаралық қаржы орталықтарының АХҚО-ға деген сенімін күшейту керек. Ұлттық экономикаға тартылатын қаржы ресурстарының мөлшері осыған байланысты», ­- деді Елбасы.

Хабарламаларға жазылу