Қарағанды облысында соңғы бес күнде бес бала терезеден құлап мертікті

03.07.2018

Қарағанды облысында соңғы бес күнде бес бала терезеден құлап мертікті. Кеншілер қаласында  2 және 4 жастағы сәбилер биіктен құлап жазым болды. Облыс орталығына іргелес Абай қаласында да  бір бала бесінші қабаттан құлап ауыр жарақат алды. Жазатайым оқиға Жезқазған қаласында да қайталанды.

Сондай-ақ, Теміртауда 6-шы қабаттан төмен құлдилаған үш жасар бала облыстық медициналық орталыққа жеткізілді. Мамандар «балалардың қараусыз қалып, қайғылы жағдайға душар болуы жиілеп кетті», - дейді. Мертіккен балалар түрлі дене жарақатымен ауруханада ем-дом қабылдап жатыр.

Шолпан Қауымбеков, дәрігер-нейрохирург:

- Теміртау қаласынан бізге санавиациямен әкелді. Томография жасау кезінде бас сүйегінің сынығы бар екені анықталды. Операция жасауды қажет етпейді. Бүгінгі күнде жағдайы тұрақты. Бала жүгіріп, тамақ ішіп жүр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу