Баян Байсеитова: «Classic» радиосы өз тыңдарманын тапты және мұның дұрыс қадам екенін білеміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баян Байсеитова: «Classic» радиосы өз тыңдарманын тапты және мұның дұрыс қадам екенін білеміз

22.06.2018
Баян Байсеитова: «Classic» радиосы өз тыңдарманын тапты және мұның дұрыс қадам екенін білеміз

«Қазақ радиолары» ЖШС «Classic» радиосының құрылғанына 7 жыл толды. Осы айтулы шараға орай Алматыда радионың тыңдармандары және  белгілі музыканттардың басқосуымен салтанатты кеш ұйымдастырылды.

Салтанатты кештің ашылуында «Classic» радиосының директоры Баян Байсеитова қонақтарға алғыс білдіре келе радио қызметін бастағалы бері тыңдармандарының жүрек түкпірінен орын ала білгеніне тоқталды:

«Осы жылдар бойы «Classic» радиосы өз тыңдарманын тапты және мұның дұрыс қадам екенін білеміз. Дәл осындай классикалық арнаның қалыптасуы үшін талай тердің төгілгенін баса айтқан жөн.  

Басты жаңалықтарымыздың бірі радионың логотипі өзгерді, сондай-ақ, енді «Classic»-ті Қарағанды мен Шымкент қаласының тұрғындары да тыңдай алады», - деді.

Музыкалық кешті Қазақстанның Халық әртісі Гаухар Мурзабекованың жетекшілігіндегі  мемлекеттік «Камерата» классикалық музыка ансамблі  «Родео» балетінен «Кюй» және «Hoe Down» шығармаларымен ашты.  Сондай-ақ, ТМД аймағында ең мықты пианистердің бірі Виктор Хоменковтың басқаруымен «Khomenkov band» - тың орындауында джаз  ойналды.

Кеште белгілі әнші Зарина Алтынбаева мен пианист Айдос Байбосын өз музыкалық бағдарламаларымен кеш қонақтарын тәнтті етті.  Сонымен қатар,  «Satzhan Project» этно-фьюжн тобы джаз бен әр түрлі кезеңдегі танымал музыкалық шығармаларды фольклорлық жанрда орындап шықты.

Қонақтардың арасында, танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, бизнес-орта өкілдері мен блогерлер бар.  

 

Хабарламаларға жазылу