Қытай-Қазақ логистикалық паркі мамырда ашылады
Қытайда Қытай-Қазақстан бірлескен логистикалық паркі мамыр айында ашылатын болды. Мұны елдің шығысындағы Ляньюньган портының президенті Бай Ликунь мәлімдеп отыр.
Оның айтуынша, жаңа парк 220 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Болашақта оның көлемі тағы 200 шаршы шақырымға кеңеймек.
Логистикалық паркте тауарларды арту, түсіру операциялары ғана жүргізіліп қоймай, сауда жасауға және инвестиция тартуға мүмкіндік жасалмақ.
Порт басшысының тағы бір сөзіне қарағанда, алып парктің қызметінен Қазақстанмен бірге Орталық Азияның өзге елдері және Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына кіретін мемлекеттер де мол пайда көрейін деп отыр.
Айта кетсек, Ляньюньган портын пайдалануға рұқсат беретін халықаралық құжатқа осыдан 18 жыл бұрын қол қойылды.
Мадина МҰҚАНОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04