Ұлттық ұланның үздік оркестрі анықталуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ұланның үздік оркестрі анықталуда

19.06.2018

Елордада күштік құрылымдары қызметкерлері арасында «Әскери керней» фестивалі өтіп жатыр. Биылғы байқау Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған. Оған өңірлік жарыстарда жеңімпаз атанған ұжымдар қатысып жатыр. Бүгін басталған фестиваль 22-ші маусымға дейін жалғасады. Үздік деп танылған оркестр 23-ші сәуір күні «Барыс Арена» спорт сарайында өтетін гала-концертке қатысады. Бұл ауқымды іс-шарада Қытай мен Ресей елдерінің де әскери оркестрлері өнер көрсетеді.

Қанат Беляков, ҚР Ұлттық ұланның Тәрбие және әлеуметтік құқық жұмысы жөніндегі басқармасының басшысы:

- Әскери фестиваль бірнеше жанрда өтеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, плац-концерт бағдарламасы және де әскери дефиле. Бұл Ұлттық ұланда өтетін жыл сайынғы іс-шараның бірі.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу