Қазақстанға жыл сайын 300 шетелдік комбаин жеткізіледі
Қазақстанға жыл сайын 300 шетелдік комбаин жеңілдетілген бағамен жеткізіледі. Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының шешімімен шетелден техника әкелуге осындай көлемде квота бөлінген.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде елдегі агроөнеркәсіптік кешен және интеграциялық байланыстар мәселесі сөз болды.
Жиынға «Азық-түлік корпорациясы» АҚ өкілдері де қатысты. Астық экспортымен айналысатын ұлттық компания тек биылдың өзінде 9,5 миллион тонна астық эскпорттауды жоспарлап отыр.
Былтыр бұл көрсеткіш 7,3 миллион тонна болатын. Жалпы, Қазақстан соңғы 5 жылда әлемдегі бидай экспорттаушы ірі 7 елдің қатарына кірді. Кедендік одақтың құрылуымен Ресей де Қазақстан астығына қызығушылық таныта бастаған. 2009 жылдары 100 мың тонна астық алса, былтыр бұл көрсеткіш 1 миллион тоннадан асқан.
Астық экспорты - елдің стратегиялық бағыттарының бірі. Сондықтан, алдағы уақытта тауарды тасымалдау үшін елден тысқары жерлерде бірнеше терминал салу жоспарлануда.
Нұрбек Дайырбеков, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры, коммерциялық директоры:
Экспорт әлеуетін арттыру үшін Түркіменстан мен Иран шекарасында терминал салу жұмыстары жоспарлануда. Біздің корпорация сондай-ақ, Қытай бағытында да астық тасымалын дамыту мақсатында Қытай-Қазақ шекарасында да терминал салуды жоспарлауда.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08