Ақмола облысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде алтын мен қоладан жасалған бұйымдар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде алтын мен қоладан жасалған бұйымдар табылды

15.06.2018

Мамандар жәдігерлерді қола дәуіріне тән деп отыр. Қазір облыстық тарихи-мəдени мұраны қорғау жəне пайдалану орталығының экспедициясы Зеренді ауданы Кеңөткел ауылы Қошқарбай қорымында қорғау-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Зерттеу жұмыстарын 4 маусымда ғана бастаған мамандар көп кешікпей олжалы болды. Табылған әшекей бұйымдар қола дәуірі Андронов мәдениетінің б.з.д VII-VIII ғасырына тән деген болжам бар. Осыған ұқсас заттар 2013 жылы Сандықтау ауданы Красная поляна ауылы маңынан да табылған еді.

Серік Ысқақов, облыстық Тарихи-мəдени мұраны қорғау дəне пайдалану орталығының бас инспекторы:

- Қазіргі кезде 2 білезік табылды. Қайта жаңарту жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен қатар, қола моншақтар тапқан болатынбыз.

Қазір 3 бірдей қорымда зерттеу жүргізілуде. Археологиялар қазба жұмыстарына тарих мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер тартылған. Осылайша, жастар тамыры тереңде жатқан тарихпен танысуда.  

Дінмұхамед Кенжебек, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті:

- Осында келгелі көзімізбен көріп жатқаннан кейін, бізге әрине, таңқаларлық жағдай болып жатыр. 

Қазба жұмыстары барысында мамандар адамның және жылқының сүйектеріне де тап болды. Қыш ыдыстар да кезігіп жатыр. Табылған жәдігерлер тарихи-өлкетану мұражайына берілмек. 

Ермек Елберген, тілші:

- Зерттелмеген қорымдардың жағдайы осындай, яғни, жермен тегістеліп жатыр. Ал, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде олар осылайша аршылып алынып, зерттелуде. Сондай-ақ, зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін орталық мамандары қорымдарды жер бетіне шығарып жатыр. Сондай-ақ, әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет нысандар бар. Мәселен, осы аймақтағы 150 ескерткіштің тек 60-сы ғана аршылған. Ал, зерттеу жұмыстарына, қорғандары қорғауға жолдар кедергі келтіруде.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу