Астанада «Блокчейн Астана» конференциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Блокчейн Астана» конференциясы басталды

14.06.2018

Мұншама блокчейн мамандарын бір жерде бұдан кейін кездестіре алмайсыз. Бүгін «Блокчейн Астана» конференциясының ашылуында осы сөз тіркесі жиі естілді. Әлемнің «мен» деген мамандары Қазақстанның сандық технологиялар нарығының дамуына жоғары баға берді. Көптеген кәсіпорындар өз ісін блокчейн технологиялар арқылы сандық жүйеге көшірген. Бұл жұмысты жеңілдетіп, алыс-берісті ыңғайлы еткен. «Аталған жиын Орталық Азиядағы стартаперлер мен инвесторлардың жолығатын негізгі мекені», - дейді, қатысушылар. Криптоиндустрия саласы сенімсіз деген пікір бары рас. Алайда, мамандар блокчейн технологияларға деген сенім болсын, болмасын жаңа технологиялардан қашып құтыла алмаймыз», - дейді. 

Арайлым Жанатқызы, «Crowdsale Network» платформасының өкілі:

- Блокчейн арқылы инвестиция тарту өте маңызды. Қазақстанда қазіргі күнде 4 жобаны алға тартып жатырмыз.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу