ЕЭО құрылуына байланысты кейбір мәні жоғалған Заңдар өзгертіледі
Кеден одағы құрылмай тұрып жасалған кейбір келісімдердің қазір іс жүзінде маңызы жойылды. Бүгін Сенат комитетінде «Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердіңэкспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімінің күшін жою туралы» Заң жобасы мақұлданды.
Аталған келісімге 2003 жылы қол қойылған. Ондағы басты кемшілік - тасымал кезінде тауарлардың бәріне бірдей трансшекаралық бақылаудың міндетті екендігі көрсетілген.
Ал, олардың арасында теріс мақсатта қолданылатын заттардың да болуы әбден мүмкін. «Сондықтан, одан біздің ұлттық қауіпсіздігімізге төнер қауіп зор», дейді депутаттар.
Елеусін Сағындықов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Тауарлардың еркін өтуі туралы 20-ға жуық құжат қабылданған. Оларға бөлек нормалар белгіленді. Бұрынғы құжаттар іс жүзінде өзінің маңызын жойды.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04