«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының» ұжымы игі іс бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының» ұжымы игі іс бастады

05.06.2018

Астанадағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының» ұжымы бүгін игі де, үлгілі іс бастады. Олар елордадағы мамандандырылған балалар үйінің тәрбиеленушілерін патронаттық қамқорлыққа алмақ. Яғни, орталық балалар үйіндегі балғындарға жоғары деңгейдегі медициналық қызметті тұрақты түрде көрсетіп тұрады. Жалпы, бұл мекемеде 80-нен аса бала бар. «Ана мен бала орталығының» ұжымы бұл балаларға тек медициналық емес, шама-шарықтарынша материалдық  көмек те беруге ниетті. Біз өз кезегімізде, осындай сауапты да, жауапты істердің әрі қарай жалғасуына және басқа ұжымдар да берекелі бастаманы сабақтауына тілектеспіз. 

Расулбек Аипов, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ директоры:

- Біздің «Ана мен бала ғылыми орталығының» ұжымы ақылдаса келе осы Астанадағы балалар үйін патронажға алу шешімін қабылдадық. Екіншіден, осында әртүрлі тағдырлы балалар бар. Соларға медициналық көмек беру қажет.

Әйгерім ШАЯХМЕТОВА

Хабарламаларға жазылу