Қарағанды облысының Қарағайлы кентінде әмбебап корт салынуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Қарағайлы кентінде әмбебап корт салынуда

30.05.2018

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Қарағайлы кентінде жаңа спорттық алаң салынуда. Жазда футбол, ал, қыста хоккей ойнауға арналған әмбебап корттың құрылысына жергілікті бюджеттен 14 миллион теңге бөлінген. Қазір қажетті материалдар жеткізілді. Жалпы, биыл кентті абаттандыру үшін бірқатар игілікті істер қолға алынбақ. Соның бірі болашақ ойын алаңы маңына 100 түп қарағай егілді. Табиғатты аялау акциясына тұрғындар жаппай қатысты. Жалпы, тоқырау жылдары елді мекенде жұмыссыздық белең алып, халықтың жартысы қалаға үдере көшкен болатын. Бүгінде жыл өткен сайын кенттегі тіршілік жанданып келеді. 

Хамит Тоғаев, Қарағайлы кентінің тұрғыны:

- Көптің бірі болып, бір тал болса да осының ішіне салып кетейін деп арнайы келдім. Енді келешекте жастарымыз, өсіп жатқан ұрпақтарымыз осының айналасында демалып, қызықтап өткізуге септігіміз тисін деген ниеттеміз.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу