Алматыда «Инклюзивті білім» атты спорттық жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Инклюзивті білім» атты спорттық жарыс өтті

29.05.2018

Алматыда аутизммен ауыратын балаларға арналған «Инклюзивті білім» атты спорттық жарыс өтті.

Шараны Ұлттық арнаның тапсырысымен аутист балалар туралы сериал түсіріп жатқан шығармашылық ұжым ұйымдастырды.

Түсірілім тобы ерекше жағдайдағы балалардың психологиясын зерттеп, оларды әлеуметтік ортаға шығаруды көздеген. «Себебі, қазір қоғамдағы аутист балаларға қатысты қалыптасқан көзқарасты өзгертіп, сол арқылы отбасылық бақыттың мәнін түсіндіру – міндет», - дейді олар. 6 бөлімнен тұратын сериалды түсіру барысында шығармашылық ұжым аутист балаларға арналған осындай шараларды жиі ұйымдастырмақшы. 

Алмагүл Тілеуханова, продюсер:

- Бұл балалар кәдімгі мектепте оқи алады. Басқа балалармен бірге осындай спорт шараларына қатыса алады. Өйткені, олар ерекше, бөлек балалар. Тек олармен тіл табысып, осы әлеуметтік ортаға шығара білу қажет.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу