Кәсіпкерлерге негізсіз айыппұл салу азаймай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлерге негізсіз айыппұл салу азаймай отыр

29.05.2018

Бизнес өкілдері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, инвесторлардың құқығын мейлінше қорғау қажет. Осы мәселелер Атырауда өткен инвесторлар форумында талқыланды. Былтыр облыстық кәсіпкерлер палатасына 179 өтініш  түсіп, оның 97-і оң шешімін тапқан.

Осылайша, атыраулық кәсіпкерлердің 1,5 млрд. теңге көлемінде мүліктік құқықтары қорғалған. Қазір өңірде 43 мыңға жуық кәсіпкер бар. Шағын және орта бизнес саласында 7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.  Биыл 4 айда өңірге 1 трлн. 97 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды.

Тоқтамыс Жұмағұлов,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы:

- Осы форумда кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін талқыладық.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу