Елдегі банктер саны азаяды
2020 жылға дейін елдегі банктер саны екі есеге қысқартылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз жиынында бас банкир Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2020 жылы елімізде ірі қаржы корпорациясының филиалдары жұмыс істейтін болады. Қазір елімізде 38 банк бар. Олардың көбісінің капиталы аз. Бұл банктер күні ертең бәсекеге төтеп бере алмайды.
Сондықтан бес жылдық межеде банктерге жаппай жаңа талаптар қойылады. Бастысы банктердің ең төменгі капиталы 100 миллиард теңгені құрауы керек. Салмақты талаптарға жауап берген 15-20 банк әрі қарай жұмысын жалғастырады.
«Бұл дегеніңіз бәсекеге қабілетсіз банктерді жабу емес, керісінше, олардың бәсекелестікке қабілетілігін арттыруға ұмтылып отырғанымызды көрсетеді», деді бас банкир.
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
Бірнеше банктердің басын біріктіру процесі жыл соңына дейін жалғасады. Қазір бір инвесторға тиесілі «Темірбанк», «Альянс банк» және «Forte банк» капиталын біріктіруде. Біз елдегі ірілі-ұсақты банктердің басын біріктіру арқылы капиталды қомақты етеміз. Бәсекелестікті нығайтып, өзге елдің банктерімен қарым-қатынасты күшейтеміз.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08