ЕЭО туралы келісімге мамыр айында қол қойылады
Кедендік одақ аясында кәсіпкерлерге жасалатын салықтық жеңілдіктер белгілі болды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев айтты.
Төрағаның айтуынша, бұдан былай кәсіпкерге елге кіргізетін тауары үшін жанама және қосымша салықты алдын ала төлеу қажет, деген талап қойылмайды. 50 күн мұрсат беріледі.
Осы аралықта әкелген тауарларын нарыққа шығарып, жұмысын жалғастыра береді. Бұл тұрғыда еліміздің бизнес өкілдерінің бәсекелестікке қауқарлы болып, ауқымды нарықты игеруі маңызды.
Бүгінгі баспасөз мәслихатында Еуразиялық экономикалық одақ мәселесі де сөз болды.
Әнуар Жұмаділдаев, ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамаларының бірі - Еуразиялық одақ идеясына биыл 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттері арасындағы интеграциялық игіліктер тиісті даму сатысынан өтті. Алдағы мамыр айында үш елдің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қояды деп күтілуде. Еуразиялық интеграция мемлекеттердің өзара экономикалық қарым-қатынас мәселелерін ғана қамтиды.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08