Капиталды заңдастыру жұмыстары басталып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Капиталды заңдастыру жұмыстары басталып кетті

16.04.2014
Капиталды заңдастыру жұмыстары басталып кетті
Үкімет коммуналдық тарифтердің өсіміне  мораторий енгізуі мүмкін. Мақсат - жылдық инфляцияны 6-8 пайыздық дәліз деңгейінде ұстап тұру.
 
Бұған Ұлттық банк пен Үкімет бірдей мүдделі болуы керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  Қайрат Келімбетов айтты. Әзірге, 2014 жылдың І тоқсанындағы инфляция 3,3 пайыздан асқан жоқ.
 
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың қаржысын жинақтау жұмыстары да аяқталып келеді.
 
Бүгінге дейін 4 триллион теңге зейнетақы қорына аударылған. Сондай-ақ, Бас банкир қаржы секторын дамытудың 2030-жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленетінін айтты.
 
Стратегиялық құжатта жұмыс істемей жатқан несиелер мәселесін шешуге айрықша мән беріледі. Қазір Ұлттық банк қызметкерлері Елбасының қаржыны заңдастыру бойынша берген тапсырмасын орындауға қызу кірісіп кетті.
 
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
Негізгі мақсат - қаржыны екінші деңгейлі банктердің депозиттеріне салу. Бұл мақсатта біз қазір арнайы Заң жобасын талқылап жатырмыз. Осы айдың аяғына дейін Парламенттің қарауына жібереміз. Жаздан бастап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастаймыз. Егер осы жұмысты жалғастыратын болсақ, келесі жылдың соңына дейін еліміздің банк жүйесіне бірнеше миллиард доллар келеді.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу