Астанада «InterFood Astana-2014» тағам көрмесі басталды
Астанада халықаралық тағам көрмесі ашылды. 16-шы рет өткізіліп отырған көрмеге Германия, Италия, Қытай, Корея, Латвия, Литва, Өзбекстан мен Украинадан 70-тен астам компания өкілдері қатысып жатыр.
Олар өздерінің түрлі өнімдерін, яғин, сусын, қаптама және тағам өнеркәсібіне арналған құрылғыларын таныстырылымға шығарды.
«InterFood Astana-2014» көрмесінде нан пісіру және кондитерлік салаға арналған инновациялық технологиялар кеңінен ұсынылған. Арасында энергияны үнемдейтін қыздыру пештері де бар.
Биылғы шараға Қытайдың шай шығаратын бірнеше компаниясы келген. 4 мыңнан астам шай түрін пайдаланатын қытайлықтар келушілерге шай сұрыптарының әр түрін көрсетті. Көбіне денсаулыққа пайдасы бар өнімдер қазақстандық кәсіпкерлерді қызықтырып отыр.
Ли Шиау Иуе, Иянь қаласы үкіметінің орынбасары (Қытай):
Біз былтыр Қазақстанға келіп, шай нарығын бақылап кеттік. Өнімдерімізге кәсіпкерлер қызығушылық танытты. Сол себептен де биыл тағы келдік. Қытай шайы денсаулыққа өте пайдалы. Кәсіпкерлеріңіз соны түсінген болуы керек, бүгін бірнеше бизнес өкілдерімен келісімге келдік.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда көгалдағы хоккейден Азия кубогы басталды
24.06.2026, 13:27
Экологиялық бақылау күшейтілді
24.06.2026, 13:24
Алматылық дәрігерлер баланың бүйрегін аман алып қалды
24.06.2026, 13:21
Қандыағаш қаласында астан уланған адамдар 113-ке жетті
24.06.2026, 13:18
Қызылорда облысында мемлекеттік қызметке жастар араласа бастады
24.06.2026, 13:15
Ресей дизельдік отын экспортына тыйым салмақшы
24.06.2026, 13:12
Сенаторлар Трамптан Ирандағы соғысты тоқтатуды талап етті
24.06.2026, 13:09
Түркия қауіпсіздік күштері 209 адамды тұтқындады
24.06.2026, 13:06