Басты Жаңалықтар Елімізде 1071 этномәдени бірлестік бар

Елімізде 1071 этномәдени бірлестік бар

Сан ұлтты ұйыстырып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы өткен жылды жемісті қорытындылады.

Еліміздегі 1071 этномәдени бірлестік 2017 жылы он бес мыңға жуық іс-шара өткізді. Оған үш жүз мыңнан астам адам қатысқан. Бірлестік жанында 135 жастар ұйымы жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 1391 орталық, клуб, үйірме, басқа да шығармашылық ұжымдар әр ұлыстың тілі мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен салт-дәстүрінің сақталуына, ең бастысы, елдегі бірлік пен татулықтың бекем болуына үлес қосып отыр.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

 

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
 

Бөлісу