Мемлекеттік қызмет – жауапты міндет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызмет – жауапты міндет

27.04.2018

Мемлекеттік қызметке орналасудың жаңа мүмкіндіктері. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы ұсынған жаңашылдыққа сай, үміткерлер бір жерде бүкіл шаруасын бітіріп кете алады. Бұл жерде Халыққа қызмет көрсету орталығы, арнайы мониторинг тобының қоғамдық қабылдау бөлмесі, мемлекеттік қызметтен үміттілердің бүкіл қазақстандық банкі шоғырланған. Сонымен, мемлекеттік қызметкерлерге арналған қызмет көрсету орталығы елдегі кадр мәселесімен реттеп отырмақ. 

Ақансері Сұлтанбеков, Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығының бас сарапшысы:

- Бұл орталық азаматтарға және мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік қызмет алу бойынша қызметтер көрсетеді. Азаматтардың кез келген мемлекеттік органға қатысты талап-арызын қабылдап, оны қарастыру үшін агенттікке жолдап отырады.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу