Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрудың маңызы зор
Елбасының осыдан 20 жыл бұрын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы көтерген бастамасы арқасында посткеңестік елдер арасындағы интеграцияға жол ашылды. Заман талабынан қалыс қалмай, нарықтың кеңеюіне мүмкіндік берген бұл одақтың ең алдымен Қазақстан үшін маңызы зор.
Өйткені, Еуразия дегенде ең алдымен екі құрлықтың кіндігінде орналасқан Қазақ елі елестейді.Сондықтан, Шығыс пен Батысты жалғап, екі жаққа да бірдей сауда жасау - Қазақстан үшін тиімді.
Кедендік одақ көрсеткендей, мүддесі бір елдер үшін кедендік, әкімшілік кедергілер жойылып, еркін сауда айналымын қалыптастыруға жол ашылады. Бұл тек экономикалық қана емес, әлеуметтік қарым-қатынасқа да оң ықпал етеді, дейді экономика ғылымдарының кандидатыДимаш Шайкин.
Димаш Шайкин, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих, экономика және құқық факультетінің деканы:
Қазақстан Еуразиялық экономикалық қоғамдыстығының құрылуына және оның жұмысының жандануына ерекше ықпал етті. Жалпы, мұндай ұйымдар осы елдердің тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Бұл елде кәсіпкерліктің дамуына, кедендік рәсімдеулерді оңтайландыруға, құжаттама толтыру барысын жеңілдету арқылы экономикалық байланыстарды жандандыру мен жаңаларын құруға оң ықпал етеді.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08