Қазақстандағы ағылшын құқығы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы ағылшын құқығы талқыланды

24.04.2018

«Қазақстандағы ағылшын құқығы». Екі күннен бері елімізде осы тақырыпта ауқымды конференция өтіп жатыр. Шараға 200-ден астам адам қатысты. Олардың арасында Ұлыбританиядан келген делегаттар, Англияның әділет министрлігі өкілдері мен  халықаралық дәрежедегі заңгерлер бар. Саммит Қазақстан мен Ұлыбритания арасында қарым-қатынасты нығайтуға бағытталып отыр. Бүгінде ағылшын заңнамасы халықаралық коммерциялық келісімшарттар үшін ең танымал болып есептеледі. Мәселен, Астанадағы Халықаралық қаржы орталығы да осы ағылшын құқығына сүйене отырып жұмыс істейтін болады. 

Саймон Дэвис, Англия және Уэльс заңгерлер қауымдастығының мүшесі:

- Ағылшын сотының судьялары - бұрынғы адвокаттар мен заңгерлер. Олар мемлекеттік қызметте ешқашан жұмыс істемеген. Сондықтан да ағылшын заңнамасы әрқашан әділ болып есептеледі. Астанадағы Халықаралық қаржы орталығы аясында соттың екі түрі жұмыс істейді. Біріншісі - Жоғарғы сот, екіншісі - арбитражды сот. Арбитражды сот жүйесі кезінде медиаторлар да қызмет етеді. Оларды қоса есептегенде саны 22 адам болады. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда Британиядан Қазақстанға судьялар келіп отырады

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу